Қазақстан
1 мин оқу 253

Адам ресурсына үлес

<p>Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың &laquo;Президенттің бес әлеуметтік бастамасы&raquo; атты Үндеуі халық тарапынан екпінді қолдау тауып жатқаны белгілі.&nbsp;</p>

Адам ресурсына үлес

Мен Елбасының бұл игі бастамасын жастардың жоғары білім алудағы ашықтығы мен жоғары са­па­сына қарай, сондай-ақ тех­ни­­калық білімнің қарыштап дамуы тұрғысынан қолдаймын. Он­дағы жыл сайынғы бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 20 мың грант­­ты және оның 11 мыңын тех­­ни­калық мамандықтарға қа­рай бөлуі техникалық білім бе­ретін жоғары оқу орындарын мем­­лекет тарапынан шын мә­нін­дегі қо­мақты қолдау деп түсінген жөн. 
Қазіргі таңдағы төртінші өнер­­­кәсіптік жаңғыру жағ­да­йын­­­да техникалық мамандар­ды даяр­лау, оның ішінде ақ­па­рат­­­тық технология ай­дынын­да ро­­­бот­тандыру саласы­ның, сон­­­дай-ақ нанотехнологиялар дәуі­­­рінің салтанат құруы мем­ле­­­ке­т­іміздің стратегиялық мін­дет­­­тері болып табылады. Бұл мем­­­ле­­­к­еті­міздің жаңа әлемдегі бә­се­­­кеге қабілетті болуына, бо­ла­­­­шақ­­­тағы қазақстандық эко­­но­ми­­ка­ның қуатты ресурс­тары­на ай­­на­латын мыңдаған ма­ман­дар­­­ды даярлауға үлкен мүм­кін­­­дік ашпақ. Сонымен бірге Е­л­­­­ба­­­сы­­­ның бұл бастамасының ар­­­қа­­­сында белгілі бір деңгейде сту­­­дент­­тері­міздің шетелге оқуға бар­­­май-ақ отандық білімнің өзі­мен біршама биіктерді бағын­дыруына жағдай туғызбақ. Осы ар­қылы еліміздегі жоғары оқу орын­­дарының жұмысына жаңа сер­­пін беріліп, білім сапасының жақ­­­саруына, оқытушылардың бі­лік­­­тілігін арттыру мен мате­риал­­­дық-техникалық базаның кү­­шеюі сияқты тетіктер жаңа ке­зең­­ге өтеді. Сәйкесінше, грант ие­гері, болашақ студент те отан­дық оқу орындарын ойлан­бай таң­­дай­­тын болады. Оған сон­дай-ақ ж­оғары оқу орындарына де­йін­­гі орта білім беретін білім ошақ­т­ары да өз үлестерін қосуы керек. 

Әли ӘБІШЕВ,
Атырау мұнай және газ университетінің ректоры

АТЫРАУ
 

Бөлісу: