Аймақтар
1 мин оқу 580

Майқайың кентінде «Астана бас қалам» атты байқау өтті

<p style="text-align: justify;">Баянауыл ауданының Майқайың кентінде &laquo;Кенші&raquo; мәдениет үйінде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері арасында Астананың 20 жылдығына арналған &laquo;Астана бас қалам&raquo; атты байқау өтті.&nbsp;</p>

Майқайың кентінде «Астана бас қалам» атты байқау өтті

Оған 4 пен 6 жас аралы­ғындағы бал­дырғандар қа­тыс­ты. Олар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты: бал­дырғандарды таныстыру, өнер, сән үлгісі.
Байқауға ауданымыздың әр ауылынан өнерлі балалар жиналды. Олардың ішін­де Мәшһүр Жүсіп Кө­пей­ұлы атындағы мек­тебі­­міздің «Еркетай» шағын орталығының талантты әрі сүйкімді тәрбие­ленушілері Інжу Жұмкен мен Кәусар Мұрат шағын орталы­ғымыз­дың намысын қорғады. Байқау нәтижесі бойынша Кәусар Мұрат 3-орын алса, Інжу Жұмкен «Талантты әнші» ата­лымын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мөлдір ӘСЕТҚЫЗЫ,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектептің көркемдік жетекшісі

Павлодар облысы, 
Баянауыл ауданы, 
Жаңажол ауылы

Бөлісу: