Студент: Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының ішінде студенттер мәселесі өте өзекті
<p>Президенттің 5 әлеуметтік бас­та­масы­ның ішінде студент­тер мәселесі де өте өзекті, өйт­кені қазіргі таң­­да көптеген уни­вер­си­теттер жа­тақ­ханамен қамтыл­ма­ған, тіпті қамтылған күнде де жет­кі­ліксіз. </p>
Себебі жылдан-жылға студенттер саны артып келеді. Жоғары оқу орындары мен колледждерге арнап жатақхана салуға мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде девелоперлік компанияларды тартуды ұсыну өте дұрыс шешім деп ойлаймын.
Сонымен қатар Елбасы жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтерді. 2018-2019 оқу жылында қосымша тағы 20 мың гранттың бөлінетіні де қуантады. Оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға тиесілі. Гранттар санының көбейгені дұрыс, өйткені жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын жаңа мамандарды даярлауға үлкен мүмкіндіктер береді.
Ақбаян ЖЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ,
студент
АҚТАУ