Алмазбек Атамбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин кездесті
<p style="text-align:justify">Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Қырғызстан социал-демократиялық партиясының <a href="http://www.sdpk.kg/ru/press_tsentr/novosti/3484_eks_prezident_kirgizstana_almazbek_atambaev_vstretilsya_s_predsedatelem_knr_si_czinpinom">баспасөз қызметі.</a></p>

11 сәуір күні Алмазбек Атамбаев Қытайдың Боао қаласында Си Цзиньпинмен кездескен. Кездесу барысында екі ел басшылары «Бір белдеу – Бір жол» жобасы аясында екі жақтық қарым-қатынастың даму қарқыны жөнінде сөз қозғады.
Си Цзиньпин Алмазбек Атамбаевты Қырғызстан социал-демократиялық партиясының төрағасы болып сайлануымен құттықтап, екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатуға үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді. Ал өз кезегінде Алмазбек Атамбаев Ши Жинпиңге «Боао Орталық Азия» форумына шақырғаны үшін алғыс айтты. Экс-президент форум маңызы жөнінде сөз қозғай келе, алдағы уақытта халықаралық бірлескен экономикалық қарым-қатынастарды жақсартуда серпін беретінін атап өтті.