Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі
<p style="text-align:justify">Disney студиясы тағы бір анимациялық туындыны қайта түсіреді. Disney «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін, «Мулан» көркем картинасын ұсынбақшы, деп хабарлады hollywoodreporter.com. </p>

Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов facebook-тегі парақшасында бөліскен бұл ақпаратта кинокартинаға қазақстандық каскадерлар қатысатынын айтты.
Танымал Дисней мультфильмінің киноадаптациясы 2018 жылдан 2020 жылға шегерілгені жазылған.
«Мулан» (Mulan) – 1998 жылдың 19 маусымында Walt Disney Pictures студиясы жарыққа шығарған, толықметражды мультипликациялық фильм. Мультфильмде Хуа Мулань - әскерге қатысқан әйел туралы орта ғасырдағы Қытай балладасы бейнеленген.