Аймақтар
1 мин оқу 860

Балшығы, суы ем «Қараболат әулие»

<p style="text-align:justify">Табиғаттың керемет шебер екендігіне сөз жоқ қой. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Қошқар ата ауылында жер астынан алынатын сарғыш тақта тастар бар. Бір қызығы, біреу бір-бірімен қиюластырып қалап қойған секілді. Бетін аршып жіберіп, машинаға арта бересің. Қожа Ахмет Ясауи кешеніне бастар сарғыш тақтай жол сол Қошқар ата ауылының маңынан қазылып алынған.</p>

Балшығы, суы ем «Қараболат әулие»

Осындай керемет Қазалы ауда­­­­­ны аумағындағы «Қараболат әулие» атанған жерде де бар. Мұнда тақта тастар емес, жер ас­ты­нан жақпар-жақпар болып қара тұз шығады.

Қ.Пірімов атындағы ауылдан отыз шақырымдай жердегі тұзды көлдің ені 50-60 метр, ұзындығы 600 метрге жетеді делінеді.

Сол маңдағы кісілердің ай­туын­ша, ел басына түскен ашар­шылық кезінде Қараболат деген кісі осы көлге келіп, несібесін айырыпты. Тұз сатып күн көрген.

Емдік қасиеті көп қара тұз­ға жұрт шілденің онынан та­­мыздың онына дейін келіп, шо­мылады екен. Қара тұз – қы­шыма және әртүрлі тері аурулары мен буын аурулары, суық тигенге пайдалы дейді қасиетіне қаныққан жұрт. Бүгінде мал арасында аусыл дер­ті көбейіп тұр. Уақытында емдесе жазып алады. Асқындырып ал­са ауру таратады деп Зеңгі ба­ба тұқымын өлтіріп, өлексесін өр­­теп Беккер құдығына тастайды. Дәулетін арт­­тырып отырған ма­лының арам өлгені иесінің қа­бырғасына аяз­дай бататыны анық. Ауыл ақсақалдары осы қара тұзды малға жалатса, аусыл дертінен айық­­­тыратынын айтады. Бұл да ой­­­ланатын жағдай.

Балшығы да, суы да ем қара тұз­­­дың осындай кереметтерін біл­ген жұрт мұнда жаз айларында ағылып келеді екен. Кө­бісі дертіне шипа тауып қай­та­тындықтан әулиелі жер деп түсінеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Балшығы, суы ем «Қараболат әулие» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар