Ырыс алды – ынтымақ
<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында Қазақстан халықтары достығының фестивалі өтіп, онда республика Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жылғы Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын иелеріне тапсырды.</p>
Мұндай сыйлық Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нина Әмірқызы Каюповаға – өзара түсіністік пен имандылықты дамытуға, мейірбандық пен гуманизм идеяларын таратуға қосқан үлкен үлесі үшін, Түрік Республикасының мемлекеттік министрі Намык Кемал Зейбекке – Қазақстан-түрік мәдени ынтымақтастығын нығайту ісіне қосқан үлкен үлесі, Қазақстан әдебиеті мен өнерінің аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттауға жәрдемдескені үшін және Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы Леонид Константинович Полежаевқа – Қазақстан-Ресей мемлекетаралық ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосқаны, тұрақтылық пен халықтар арасындағы рухани татулықты сақтауға жәрдемдескені үшін беріліпті.