Қазақстан
1 мин оқу 654

Астананың сол жағалауында жол жабылады

<p>Астананың сол жағалауындағы &laquo;Шұбар&raquo; шағын ауданында көшелер жабылады, деп хабарлайды&nbsp;Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.&nbsp;</p>

Астананың сол жағалауында жол жабылады

«Қазіргі таңда мердігер ұйымдар «Шұбар» шағын ауданындағы жылумен қамтамасыз ету магистраліндегі ақауды жөндеп жатыр. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары 27 сәуір сағат 15.00-ден 30 сәуірге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты, Арай көшесінің Сарайшық көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскесінде автокөліктер үшін қозғалыс толықтай шектеледі», - делінген полицияның хабарламасында. Осыған орай, жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуды және көшенің баламалы учаскелерін (Ғарышкерлер көшесі, Ермеков көшесі, Тайбеков көшесі және т.б.) қолдануды сұрайды.

Бөлісу:
Астананың сол жағалауында жол жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар