Парламент
2 мин оқу 620

Жергілікті өзін өзі басқару жіті қадағаланса игі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару&raquo; туралы Қазақстан Республикасы заңының орындалуы қалай жүріп жатқаны туралы депутаттық сауалға берілген жауапты саралай келе, оның жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметтерінің негізінде, дұрыстығын тексерместен жібере салғандығы анықталды.</p>

Жергілікті өзін өзі басқару жіті қадағаланса игі

Бұл жағдай орталық мемле­кеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару жұмыстарына мони­­торинг жасап, бақылау жүр­гіз­бей­тінін көрсетіп тұр. Бақы­лау жоқтықтың кесірінен осы күн­­ге дейін тек бес облыста ғана (Алматы, Атырау, Жам­был, Қос­танай, Солтүс­тік Қазақ­стан) жер­гілікті қауым­дас­­тық жи­на­лысы­ның регламенті белгі­ленген. Ал мұн­дай регламентсіз жергі­лік­­ті қауымдастық жиналы­сы­ның леги­­тимді құрамын анықтау мүм­кін емес. Тек осындай құрам ғана заң бой­ынша, даму бағдарламасын бекі­­тіп, ауылдық округтың бюд­жетін жасауға келісім бере алады.

Демек, осы күнге дейін жер­гілікті атқару органдарының мәліметіндегі даму бағдарламасы мен 2 мың адамнан артық тұрғыны бар ауылдық округ бюджетінің бекітілуі аталмыш бес облыстан басқа өңірлерде заңсыз жасалған. Осыған қарамай оларға бюджет қаражаттары беріліп, олар жұмсалып та жатыр.

Сонымен қатар ауылдық округ­тердің даму бағдарламасын жасау үшін жергілікті мамандарды оқытып, методологиялық көмектер көрсетулер тиісті дең­гейде болмаған­дықтан олар әртүрлі жасалып, қайта бекітуге тура келіп тұр. Сөйтіп бюджет қара­жаты бөлініп, жұмсалуда, бірақ бағ­д­арлама әлі бекітілмеген.

Біз осы мәселенің бәрін Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таевтың аты­на депутаттық сауал ретінде жол­дап, төмендегі ұсы­ныстарды жасадық:

– Үкімет «Жергілікті мемле­кет­тік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» заң нормаларын орындауда бақылауды күшейтіп және лауазым­ды тұлғалардың жауап­кершілігін арт­тыруы керек. Соны­мен бірге жер­гілікті атқару органдарының мә­лі­меттеріне сын көзбен қарап, оларды сараптауды жетілдірген жөн;

– Жергілікті өзін-өзі басқару­дың алғашқы кезеңдерінде жүйелі түрде қателіктер жіберуін болдырмау үшін Ұлттық экономика министрлігіне олардың жұмысына мониторинг және бақылау жасау функциялары берілсін;

Сонымен бірге біз Үкімет басшы­сынан Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырым­дама­сын іске асыру жоспарының мемлекеттік органдар Үкіметке 2018 жылдың 1 ақпанында өткізуге тиісті шаралары туралы ақпарат беруді сұрадық.

Нұржан НҰРСИПАТОВ,

Сенат депутаты

Бөлісу: