Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Диагноз он секундта қойылады

Орал қаласындағы «Медицина орталығы» ЖШС-інде ашылған компьютерлік-томография кабинеті арқылы он секундтың ішінде науқастың диагнозын дәл анық­тауға болады. Мұнда дерттің сұл­басы әр қырынан көрініс табады. Компьютерлік томограф бюджеттен тыс қаржыға сатып алын­ған. Орталық алдағы жыл­дан бастап, мемлекеттік тапсы­рысқа сай тұрғындарға кепілді медициналық қызмет көрсетуді көздеп отыр. Соған сай науқастар тегін қабылданбақ. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.
Бөлісу: