Аймақтар
1 мин оқу 490

Атырауда «Ұлтыңды ойласаң, рухты ұл тәрбиеле» атты семинар өтті

<p style="text-align: justify;">Атырауда осы аттас семинар өтті. Қалалық Аналар кеңесі ұйымдастырған шараға зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.</p>

Атырауда «Ұлтыңды ойласаң, рухты ұл тәрбиеле» атты семинар өтті

Ұлттық сана-сезімі қалып­тасқан, ұлттық мүдденің өркен­деуіне үлес қоса алатын, ұлт­тық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ер бала тәрбиесіндегі өзіндік көз­қарас­тарды талқылауға бағыт­талған семинардың мән-маңызы зор.

Облыстық «Ардагерлер кеңесінің» жастардың арасында әскери-патриоттық тәрбиені жүргізу комиссиясының төр­ағасы Сергей Алпатанов  өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, тағылымды баяндама жасады.

Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы С.Убдиянова «Әке мен ұл бала» арасындағы тәр­биенің маңызы  зор  екенін айтады. Осындай шаралар арқылы отбасы құндылығын дәріптеуге мүмкіндік мол.

Семинар соңында оқушылар тақырыпқа байланысты театр­ландырылған көрініс қойды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

Атырау

Бөлісу:
Атырауда «Ұлтыңды ойласаң, рухты ұл тәрбиеле» атты семинар өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар