Жаңалықтар
1 мин оқу 340
Құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке «Единая Россия» партиясының Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына сайлаудағы сенімді жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
«Болып өткен сайлау елде жүргізіліп отырған әлеуметтік, экономикалық, саяси жаңғырту бағытын кең көлемдегі қоғамдық қолдауды көрсетті. Сайлаудың қорытындылары біздің елдеріміз арасындағы тату көршілестік дәстүрі мен өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік туғызады деп сенемін. Сізге елді одан әрі жаңғырту жөнінде белгіленген міндеттерді іске асыруда үлкен табыстар тілеймін», делінген жеделхатта.
* * *
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир Путинге «Единая Россия» партиясының Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына сайлаудағы сенімді жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Сайлау «Единая Россияның» елдің қоғамдық-саяси өміріндегі жетекші рөлінің жарқын дәлеліне айналды. «Единая Россия» партиясы Ресей Федерациясының белгіленген әлеуметтік-экономикалық реформалар жолы бойынша одан әрі қарқынды алға жылжуын қамтамасыз ете алады деп сенемін. Біз Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамытудағы, біздің халықтарымыз арасындағы достықты нығайтудағы Сіздің жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз», делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге зор денсаулық, жан сергектігін, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде одан әрі табыстар тілеген.Бөлісу: