Әлем
1 мин оқу 322

Сирияда Ресейдің тікұшағы апатқа ұшырады

<p>Сирияда Ресей Федерациясының Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі&nbsp;хабарлады.</p>

Сирияда Ресейдің тікұшағы апатқа ұшырады

«Сирия Араб Республикасының шығыс аудандарында жоспарлы ұшу тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан екі ұшқыш опат болды», - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, іздеу-құтқару тобы екі ұшқыштың мәйітін базалық әуежайға жеткізгенін мәлім етті.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Бөлісу: