Қазақстан
2 мин оқу 376

Мемлекеттік колледждер жүйесі сақталуы тиіс

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жыл&shy;дың 31 қаңтарындағы &laquo;Қа&shy;зақ&shy;&shy;станның үшінші жаң&shy;ғы&shy;руы: жаһандық бәсекеге қа&shy;білеттілік&raquo; атты Жол&shy;да&shy;у&shy;ында берілген тапсыр&shy;ма&shy;ларға сәйкес, 2017 жылдан бері &laquo;Баршаға арналған те&shy;гін кәсіптік-техникалық бі&shy;лім беру&raquo; бағдарламасы іске асы&shy;рылып келеді. Бұл жас&shy;тар&shy;дың жұмысшы кәсіп&shy;те&shy;рін игеріп, жұмысқа тұру&shy;ы&shy;на жағ&shy;дай жасаған шын мә&shy;нін&shy;дегі көреген әрі ауқымды бағ&shy;дарлама болды.</p>

Мемлекеттік колледждер жүйесі сақталуы тиіс

Бүгінгі таңда еліміздегі 817 колледждің 473-і мемлекеттік болып саналады, онда барлық 489 мың оқушының 283 мыңы білім алуда. Бағдарлама есептелген 2021 жылға дейін тағы да 106 мың адам осы оқуға тартылатын болады, бұл – жыл са­йын 21 мың оқушы қа­былданады деген сөз. Бұл – колледждерде оқитын барлық оқушының 75 пайызы.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орын­дап, нарыққа жоғары білікті мамандар дайындау үшін бұл оқу орындарының өнді­рістік-техникалық және оқу базасы заман талабына сай болуы керек. Дәл осы се­беп­пен жоғары білікті жұ­мыс­­­шы кадрларын дайындай­тын мемлекеттік кол­ледждер жүйесі қажет. Өйт­кені же­ке­меншік колледж­дер­де бұл та­лап орындалмай жата­ды. Айталық қазір жеке­мен­­­шік колледждердің әрбір бе­сіншісінде ғана шеберха­налар, әрбір үшіншісінде ға­на зертханалар бар. Бұл – же­ке­меншік колледж бітірген ма­мандардың мемлекеттік кол­ледждерді бітірген өзде­рі­нің құр­дастарынан ана­ғұр­лым біліксіз болатынын көрсетеді.

Соған қарамастан, көптеген аймақ­тардың әкімдіктері осын­­дай мемлекеттік оқу орын­­дарын бәсекелестік ор­та­ға шығаруды қолға алып отыр. Оқу орындарының ре­су­рс­тарын кешенді түрде ба­ға­­­ла­май, мемлекеттік және же­ке­меншік колледждердің мүмкіншіліктерін сараламай же­кеменшікке сатудың өзі – тех­никалық, технологиялық және қызмет көрсету сала­ла­рының мамандарын емес, шы­ғынды аз талап ететін гу­манитарлық саланың ма­ман­да­рын ғана дайындауға соқ­­тыратын түрі бар. Сондай-ақ колледждер жекеменшікке сатылғаннан кейін онда сабақ беретін мамандар азаматтық қызметкер ретінде алатын қосымша ақысынан айырылады және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алу мүм­кіндігінен қағылады. Әри­не мұның бәрі білікті маман­дар­дың басқа жаққа кетуіне соқ­тырады.

Осы мәселелерді біз Үкімет бас­шысы Б.Сағынтаевқа депу­таттық сауал арқылы жеткізіп, мы­на мәселелерді ескеруін өтін­дік:

– «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім бе­ру» жобасын іске асыру үшін мемлекеттік колледж­дер жү­йе­сінің сақталуын қарас­ты­ру;

– жергілікті атқарушы ор­ган­дардың мемлекеттік кол­ледждерді бәсекелестік ортаға шы­ғару туралы ұсыныс­та­ры­ның мақсатқа сәйкестігі мен негізділігін қарастыру;

– әлеуметтік сала нысандарын жекешеге беру барысында осы ұйым қызметкерлерінің материалдық қамсыздан­ды­ры­луында әлеуметтік тәу­е-
кел­дер факторларының туын­дамау­ын ескеру.

Айгүл НҰРКИНА,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Мемлекеттік колледждер жүйесі сақталуы тиіс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар