Аймақтар
1 мин оқу 1,264

Қарағандыда Жас ұлан­дар күні аталып өтті

<p>Таяуда Қарағанды об&shy;лыс&shy;тық Білім басқар&shy;ма&shy;сы&shy;ның бастамасымен, өңір&shy;дегі білім беру меке&shy;ме&shy;лерінің бар&shy;лығында Жас ұлан&shy;дар күні аталып өтті. Оны ұйым&shy;дастырған &ndash; &laquo;Жас ұлан&raquo; балалар мен жас&shy;өс&shy;пірімдер қоз&shy;ғалысы мен &laquo;Сарыарқа дарыны&raquo; ғы&shy;лы&shy;ми-тәжірибелік орта&shy;лығы.&nbsp;</p>

Қарағандыда Жас ұлан­дар күні аталып өтті

Жас ұрпаққа арналған ме­рекелік шара осымен екінші жыл өткізіліп отыр. «Жас ұлан» ұйы­мының мақ­саты: өскелең ұр­пақты патриоттыққа, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құш­­­тарлыққа, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақ елінің бүгіні мен болашағына деген жауап­кер­шілікке тәрбиелеу.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасының шең­берінде ұйымдас­ты­рыл­­­ған атаулы­ күн биыл ел­орданың 20 жылдық мерейтойына орай «Асқақтаған Астанам!» та­қырыбымен өтті. 

Ауқымды шараның барысында «Жас ұланның» қатарына жаңа мүшелер алынып, олар ант қабылдады. Көпшілік мерекелік концертпен қатар, жас өнертап­қыштардың көрмесін, спорт­тық жарыстарды тамашалады.

«Жас ұланның» мін­деті – қазақ халқының ті­лін, мәдениетін, тарихын­ бі­лу негізінде өскелең жас­­ ұр­пақ­тың бойында ру­­ха­ни-адамгершілікті қалып­тас­тыру, балалар­ мен жас­өс­пірімдердің азамат­тық бел­сенділігі мен сана­лы­лы­ғын арттыру, танымдық жұ­мыс­­тарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зият­керлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағ­дай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қа­лып­тас­ты­руға, көшбасшы­лық және ұй­ым­дастырушылық қабі­лет­терін дамытуға ба­ғыт­­талған шара­лар екенін ес­керсек, атаулы күн де осы мақсатты көздеген игі ша­­­раларға толы болды. Сал­та­нат­­тарға еліміздің дамуына үлес қос­қан, өскелең ұрпаққа көрсетер үлгісі, айтар ақылы мол тұлғалар, үздік отбасылар, құрметті азаматтар арнайы қатысты.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Қарағандыда Жас ұлан­дар күні аталып өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар