Аймақтар
1 мин оқу 210

Жеңісті жақындатқандарға – 180 миллион теңге

<p>Жеңіс майдан мен тыл&shy;дың өзара тығыз байланысы мен өзара тұтастығы&shy;ның арқасында келді деседі соғыс тарихын зерттеу&shy;ші ғалымдар. Бұған келісуге әб&shy;ден болады.&nbsp;</p>

Жеңісті жақындатқандарға – 180 миллион теңге

Бүгінгі күні же­ңісті жақындатқан жауынгерлер қатары селдіреп барады. Миллионға жуық тұрғыны бар Ақтөбе облысында қазіргі кезде Екінші дүниежүзілік соғыстың 63 ардагері мен мүгедегі тұрады. Жеңістің 73 жылдығы қар­саңында Ақтөбе облысының әкімдігі мен мәс­лихатының ортақ шешіміне сәйкес олар­дың әрқайсысына 300 мың теңге көлемінде материал­дық көмек берілді. Сондай-ақ с­оғысқа қатысушылармен те­ңес­тірілген тұлғаларға және тыл ардагерлеріне де қаржылық тұрғыдан тиісті қолдау шаралары көрсетілді. Өңірде мұндай арнайы топқа енгізілген аға буын өкілдерінің жалпы саны 8000-ға жуық екенін ескерсек, қолға алынған шаралардың қомақтылығы мен ауқымдылығы айқындала түседі. Сонымен бірге осыдан 73 жыл бұрын соғыс өрті шарпыған Еуропа ел­дерінен, соның ішінен Германиядан жеңіспен орал­ған майдан­герлердің бүгінгі көзі тірі жесірлері де жергілікті атқару­шы билік өкілдері назарынан тыс қалған жоқ. Оларға да бел­гілі бір мөлшерде сыйақы тағайындалды.

Тұтастай алғанда жеңіске өз үлестерін қосқан ақтөбелік аға ұрпақ өкілдеріне облыс бюджетінен 180 миллион 600 мың теңге қаражат бөлінді. 

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Бөлісу: