Жаңалықтар
1 мин оқу 430

Астанада шағын футболдан «ELORDA-2018» турнирі өтеді

<p>Астана қаласының 20 жылдығы&nbsp;мен&nbsp;&laquo;Шелл&raquo; компаниясының Қазақстандағы 25 жылдығына&nbsp;арналған&nbsp;шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және мұнай-газ саласы мамандары арасында &laquo;ELORDA-2018&raquo; турнирі өтеді.</p>

Астанада шағын футболдан «ELORDA-2018» турнирі өтеді

Турнир «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Жарыс 2018 жылдың 9 маусымында «Астана Арена» стадионында өтеді.

«ELORDA-2018» турнирі БАҚ өкілдері мен мұнай-газ саласы мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Турнир – қайырымдылық іс-шарасы. Мұнай-газ саласының өкілдері жарысқа қатысу үшін жарна қосады. Мұнай-газ компанияларынан жиналған қаражат 2019 жылы наурызда БАӘ-де өтетін Дүниежүзілік Жазғы Олимпиада ойындарына мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерден құралған шағын футболдан Қазақстанның жастар құрамасының дайындығы үшін «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ұйымына аударылады.

БАҚ өкілдері мен мұнай-газ саласы мамандары арасындағы бәсекені «Elorda Aqparat» медиакомпаниясы ұйымдастырып отыр.

Бөлісу:
Астанада шағын футболдан «ELORDA-2018» турнирі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар