Спорт
1 мин оқу 253

Манчини құрамаға келді

Манчини құрамаға келді

Ресейдің «Зенит» клубын 2017-2018 жылғы маусымда жат­тық­тыр­ған италиялық маман Роберто Манчини 14 мамырдан бастап Ита­лия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып таға­йын­далды. Бұл туралы Италия футбол федерация­сы (FIGC) хабарлады.

Екі жақты келісімшарт бойынша әзірше толық мәлімет жария­ланбаған. Дегенмен жергілікті Sky Sport Italia басылымының жазуынша, италиялық маман құрамамен екі жылдық келісімшартқа отырған. Ал Италия футбол федерациясы Роберто Манчиниге құраманы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына шығару мақсатын қойған.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Манчини құрамаға келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар