Қазақстан
1 мин оқу 347
АЭФ-2018: Президент АХҚО ашылу салтанатына шақырды
<p style="text-align:justify">Елордада Астана экономикалық форумы базасындағы Global Challenges 2018 конгреcінің пленарлық отырысқа Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысып сөз сөйледі.</p>

Өз сөзінде Президент елордада өткен жылы өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің базасында Астана халықаралық қаржы орталығы ашылғанын айтып, қонақтарды осы Қаржы орталығына шақырды.
– ЭКСПО көрмесінің базасында ағылшын құқықтары бойынша жұмыс істейтін халықаралық қаржы орталығы ашылды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сіздерді Қаржы орталығының 5 шілдеде өтетін ашылу салтанатына шақырамын,– деді Н.Назарбаев.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
Бөлісу: