Жаңалықтар
1 мин оқу 225

Ынтымақтастық жайы қаралды

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның Премьер-министрі Николоз Гилауриді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Грузияның сауда-экономикалық ынтымақ­таст­ы­ғы­ның перспективалары қаралды. Н.Гилаури Нұрсұлтан Назар­баевты Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығымен құттықтап, Мемлекет басшысына 2012 жылы Тбилисиге ресми сапармен келіп қайту туралы Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің шақыруын тап­сырды.
Бөлісу:
Ынтымақтастық жайы қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар