Қазақстан
1 мин оқу 183
Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align:justify">Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.</p> <p> </p>

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, соның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.
Бөлісу: