Қазақстан
1 мин оқу 412
Ақтаудағы шаңды дауылдан бірнеше рейс бөгеліп қалған
<p>Ақтауда шаңды дауыл тұрып, қаланы басып қалды, деп жазады Lada.kz. </p>

Порталдың жазуынша, қала тұрғындары дауыл жөніндегі фотосуреттер мен бейнетұсірілімдерді желіге жариялап жатыр. Осыған дейін синоптиктер шаңды дауыл көтерілетіні туралы жазған болатын. Ауа райы болжамы бойынша, желдің жылдамдығы секундына 15-тен 20 метрге дейін жетеді.
Айта кететін мәселе, Ақтау әуежайында бірнеше рейс бөгеліп қалды. Онлайн-таблодағы деректерге қарағанда, Ақтауға сағат 21-40-та Алматы, Ақтөбе және Көкшетаудан келуі тиіс рейстер кешігіп жатыр. Шымкенттен келетін екі рейстің бағыты жабық. Бірнеше рейс кешігіп жеткен.
Бөлісу: