Аймақтар
2 мин оқу 530

Асқар Мамин жұмыс сапарымен өңірлерді аралады

<p>Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, &laquo;Нұрлы жол&raquo; бағдарламасы бойынша&nbsp; жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен, Қазақстан мен Ресей арасындағы XV өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.</p>

Асқар Мамин жұмыс сапарымен өңірлерді аралады

Екінші категориялы магис­траль Бейнеу ауылынан бас­талып, Өзбекстан шекарасына дейін  85 шақырымға созылған.

А.Мамин Бейнеу-Ақ­жі­гіт автокөлік жолын өңір­лік ма­ңыздылығы бар инфра­құ­рыл­ымдық нысан ретінде атап өтті. 

«Бұл маңызды жоба Ақ­тау мен Құрық теңіз портта­ры арқылы Орталық Азия ел­дерінен Кавказ, Түркия және Еуропаға транзиттік автокөлік ағынын қалыптастыруға ықпал етеді», деген А.Мамин жолдың құрылысын сапалы жүргізіп, оны белгіленген уақытта аяқ­тауды тапсырды.

Сондай-ақ бірінші вице-пре­мьер Құрық портында паром кешенінің екінші кезегі құ­ры­лысының барысымен танысты.

А.Маминге Шығыс жә­не Батыс суларының құрылы­сы, «Кедендік ресімдеу ай­ма­­ғы» нысаны порт дамуы­ның екінші кезеңі­нің жағалау­дағы гидротехникалық құры­лым­дары туралы ақпарат берілді. Со­нымен қатар «Құрық-Құрық порты» автокөлік тас жолын қайта құру және паром кешенін пайдалануға беру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы хабардар етті. 

Қазіргі уақытта екінші кешен сынақ режімінде іске қо­сылады. Жоба жүзеге асы­рыл­ғаннан бастап 476 кеме қаты­насы жүргізілді, 2 110 мың тонна жүк өңделді, оның ішін­де биылғы жылы 156 кеме қаты­насы жүргізіліп, 634 мың тоннадан астам жүк өңделді.

Сол күні бірінші вице-пре­мьер XV өңіраралық ынты­мақ­тас­тық форумына дайындық ая­сында Солтүстік Қазақстан об­лы­сына жұмыс сапарымен барды.

А.Мамин Петропавл қала­сының халықаралық әуе­жай­ында тұрақ орындарын қалпына кел­тіру, «Әуежайға кіреберіс жол» автокөлік жолын күрделі жөн­деу жұмыстарымен таныс­ты.

Сондай-ақ Премьер-Ми­нис­трдің бірінші орынбасары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Петропавл-Ресей Фе­де­рациясының шекарасы» учас­кесіндегі жол өтпесін қайта қал­пына келтіру барысын өз көзімен көрді.

Өңірде А.Мамин оқушылар сарайының, «Жас Өркен» жаңа шағын ауданының, «Hilton» сауда-қонақ үй кешенінің, «Қы­зылжар» қонақ үйінің құры­лысы барысымен танысты. Бар­лық нысандар 2018 жылдың қыр­күйек айында пайдалануға беріледі.

А.Мамин Петропавлда Қазақ­стан мен Ресейдің XV өңір­аралық ынтымақтастық форумы­на дайындық жұмыс­тарын жоғары ұйымдасты­ру­шылық деңгейде өткізуді тап­сырды.

Бөлісу:
Асқар Мамин жұмыс сапарымен өңірлерді аралады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар