Әдебиет
2 мин оқу 1,833

Серік Негимов. Әдебиеттану ғылымының білгірі

<p>Белгілі ғалым Серік Негимовтің шығармашылық жолына үңілетін болсақ, үнемі ізденіс үстінде келе жатқан тынымсыз еңбек адамы екенін айқын аңғаруға болады. Оған Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясы академигінің, филология ғылымдары докторының &laquo;Өлең өмірі&raquo;, &laquo;Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі&raquo;, &laquo;Өнерпаздық өрнектері&raquo;, &laquo;Шешендік өнер&raquo;, &laquo;Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты&raquo;, &laquo;Қазақ өлеңдерінің көркемдігі&raquo;, &laquo;Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика&raquo;, &laquo;Қазақтың сал-серілері&raquo;, тағы басқа көптеген монографиялары дәлел.&nbsp;</p>

Серік Негимов. Әдебиеттану ғылымының білгірі

Оның зерттеу тақырыбы әр алуан. Қазақ ауыз әдебие­тінен бастап тіл, лингвис­тика, әдебиет теориясы, ше­­шендік өнер, сал-серілер поэзиясы мәселелеріне қа­тысты айтқан құнды ой-пі­кірлері өміршеңдігімен, ма­ңыздылығымен ерекшеле­неді. Ол түркі мәдениетінің, Жам­­был Жабаев, Мәшhүр Жүсіп, Мәлік Ғабдуллин мұ­ра­­ларының білгірі саналады. Ғылым мен ұстаздық қызметті тығыз ұштастыра білген сан қырлы талант ие­сінің ұлттық әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі өл­шеусіз.

Жетпіс жастың төріне көте­­рілген жерлесіміздің құр­метіне М. Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­вер­сите­тінде «Қазір­гі фольклорта­ну мен әдебиеттану­дың көкейкесті мәселелері» ат­ты республикалық ғылы­ми-тәжірибелік конферен­ция ұйымдастырылып, Ас­тана, Шымкент, Қараған­ды, Көкшетау тағы басқа қа­­лалардан жоғары оқу орын­­­дарының өкілдері, сөз зергерлері, әдебиет­тану­шы­лар қатысты. Алқалы бас­­қосуда ұлағатты ұстаз, көр­­некті ғалымның өмірі мен шығармашылығына қа­тыс­ты өзгелерге үлгі бо­лар­лық тағылымды әңгі­мелер қозғалды.

Тілдерді дамыту жөнін­дегі басқарманың басшысы Кемел Оспанов облыс әкі­мі Құмар Ақсақаловтың жү­рек­жарды құттықтау лебізін жеткізіп, арнайы сый-сия­пат көрсетті. Еңселі оқу орнының ғылым және иннова­циялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ибраева «М. Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекет­тік университетінің құрметті про­фессоры атағын беру ту­­ра­лы» куәлікті салтанатты жағдайда табыс етті. Пар­ла­мент Мә­жілісінің депутаты Абай Тас­болатовтың құт­­тық­тау хаты оқылды. «Қы­­­зыл­жар-Ақ­парат» ЖШС директоры-бас ре­­дак­то­ры Жарасбай Сү­лей­менов өз сөзіне еңбе­гі­­мен елге танылған тұл­ға­­­ның білікті, білімді, із­де­німпаз қасиеттерін ар­қау ете келіп, әдебиет деген ға­­жайып әлемдегі өзін­дік тұ­ғырын, жеткен асуын, ба­­ғындырған белесін ал­ға тартты. Басы­лымның аты­­нан мерей­той иесінің иы­­ғына шапан жапты. Уәлиханов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Қалиев, университет профессоры Зарқын Тайшыбай, мемлекеттік мұра­ғаттың директоры Сәуле Мә­лікова ғалымның ғылым жо­лындағы қолтаңбасын бө­ліп айтты.

Л.Гумилев атындағы Еу­­разия ұлттық универ­си­тетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Диқан Қамзабектің «Серік Негимов және Алаш мұрасы» атты баяндама­сы өте әсерлі шықты. Он­да ғалымның жиыр­­­масыншы ғасырдағы қа­зақ әдебиетін індете зерттеген шығармалары талданып, жоғары баға берілді. Мем­лекеттік Елтаңбаның авторы, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Жан­­дарбек Мәлібекұлы замандасын өндіртіп жазатын ға­­лым­дар шоғырына қос­ты. Қай тақырыпқа қалам тартса да ғылыми оқшау ойлары, табанды пікірлері тәнті ететінін жеткізді. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты әде­­биет тарихы бөлімінің мең­герушісі Серікқазы Қорабай, С.То­­рай­­­ғы­ров атындағы Павлодар мем­лекеттік уни­­­вер­ситетінің профессо­ры Нартай Жүсіпов, Ж.Мусин атындағы Көк­шетау педагогикалық кол­леджінің директоры Нұр­тас Ахат, өзге де шешендер ға­лымның ақын-жыраулар поэ­зиясы, би-шешендер тол­­ғауы, шешендік өнер хақында дәйектілікпен, бі­лік­­тілікпен зерттеп, бірізге түсі­ріп, жүйелеп берген біл­гір зерттеуші екеніне нақты мысалдар келтірді.

Белгілі айтыскер ақын, Л.Гумилев атын­дағы Еу­ра­­зия ұлттық универ­сите­тінің доценті Серікзат Дүй­сенғазин ұстазының жас буынға үлгі етерлік қасиет­терін өлеңмен өрнектеді.

Осылайша ғылымның қия жолында өз соқпақ-сүр­­леуін тауып, ұлағатты ұс­таз, көрнекті ғалым ретінде кеңінен танылып отырған жерлесіміздің мерейтойын Қызылжар жұртшылығы өз мәнінде атап өтті.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу: