Әдебиет
1 мин оқу 310

Оразадағы ой: Әли хазіреттің жауабы

<p style="text-align: justify;">Пайғамбардың (с.ғ.с) інісі әрі жалғыз қызы Бәти&shy;маның жары, ислам дүние&shy;сінің төртінші халифасы Әли ибн Тәліп хазіретіге мұсыл&shy;маншылыққа бет бұр&shy;май қасарысқан бір пенде келіп: &laquo;Ей, Әли, сендер бұл өмір уақытша сынақ деп жүр&shy;сіңдер, о дүниеде есеп-қисапқа тартыламыз деп қор&shy;қасыңдар, таңнан тұрып намаз оқып, адалдықпен өмір сүреміз деп қиналасыңдар. Осы сендер сеніп жүрген о дүниедегі есеп-қисап болмай қалса не болдыңдар, өкінесіңдер-ау?&raquo; дейді.</p>

Оразадағы ой: Әли хазіреттің жауабы

Сонда Әли хазіреті: «Сіз өте орынды сұрақ қойдыңыз, мен жауап берейін, сіз айтқандай о дүниеде есеп-қисап болмайтын, маһшар күні таразы тартылмайтын болса да менің ұтыларым жоқ. Өйткені таңмен намаз оқып ерте тұрдым, таза ауа жұттым, елден бұрын тірлігіме кірістім, өзіңіз айт­қандай ұрлық жасамадым, өтірік айтпадым, соның арқасында елге сыйлы болдым, бейбіт-тыныш өмір сүрдім. Бұдан пайда таппасам, ұтылған түгім жоқ. Ал сіз о дүниеге сенбей, қа­лауыңызша өмір сүріп жатырсыз. Алда-жалда есеп күні болып, маһшарда таразы тартылып, күнәлар сал­мақтанса сіз қайтесіз?» деген екен.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Оразадағы ой: Әли хазіреттің жауабы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар