Қазақстан
2 мин оқу 753

Батыс Қазақстанда IT-технология кеңінен қолданылады

<p>Батыс Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінде қолданыла бастаған ақпараттық технологияларды таныстыру шарасы өтті. Соттар әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов өңірдегі көптеген мемлекеттік басқарма өкілдеріне жаңалықты таныстырып шықты.&nbsp;</p>

Батыс Қазақстанда IT-технология кеңінен қолданылады

Бұл шараға Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіп­керлік және индустриялық-ин­новациялық даму, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары, табиғи ресурс­тар және қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, энер­гетика және тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, мем­ле­кеттік сатып алулар, мем­лекетт­ік сәулет-құрылыс бақылау бас­қар­масы өкілдері мен қалалық және маман­дандырылған соттар­дың қыз­меткерлері арнайы ша­қы­рылған.

Сот ғимаратында экскурсия өт­кізген Соттар әкімшісінің бас­­шысы Нұрлан Қажғанов елі­міздің сот өндірісіне енгізілген заманауи технологияларды, жа­ңар­­тылған сот жүйесінің құры­лымын көрсетті. Бұл жаңа­лықтар сот төрелігін жү­зеге асыруда­ аза­­­мат­­­тардың мүдделері мен­ құ­­­қық­­тарын сақтауға, жұ­мыс өнім­ділігін арттыруға, қауіп­сіз­­дікті кү­шейтуге, қаржы үнем­деуге ба­ғыт­талған.

Мысалы, бүгінде сот про­цес­терінде дыбыс-бейне жазу жүйесі іске қосылған. Бейнеконференц байланыс арқылы аудандық соттарға және тергеу изоляторы­на қо­сы­лып, сот төрелігін қа­шық­тықта жүзеге асыру мүм­кін­дігі туды.

– Жаңа технологиялар сот­тарға Қылмыстық ат­қа­ру жүйесі мекемесінің ұсы­ныстарын сотталушылар­ды жеткізбей-ақ қарауға мүм­кіндік берді. Ал бұл қар­жы­лай шығындарды үнемдеп, сот­талғандарды жеткізу кезін­дегі қауіп-қатерден сақтайды, – дейді Нұрлан Еркінұлы.

Сот ғимаратындағы кездесу сот органдарына арыздар,­ өті­ніштер, шағымдар мен ­өтінім­дер­ді сотқа беруге ар­нал­ған «Сот ка­бинеті» серви­сін таныстырумен аяқ­тал­ды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі берген деректерге қарағанда, 2018 жылдың басынан бері «Сот кабинеті» сервисі арқылы облыс соттарына 8976 талап- арыз, 262 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, 5226 әкімшілік істер мен материалдар жолданған. Жаңа сервистердің пайдалану аясы кең және жұртшылық арасында оң пікір туғызып отыр.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ

Бөлісу: