Қазақстан
1 мин оқу 421

Нағыз батырлардың құпиялары

<p>Дəл осындай атаумен Алматыдағы Мега сауда орталығында IV бейресми конференция өтуде. Осы жиын барысында &quot;Қазақстандағы 100&nbsp;жаңа есім&quot; атты республикалық байқауының жеңімпаздары өздерінің табысқа қалай жеткендері жайында &nbsp;құпияларымен бөлісуде.</p>

Нағыз батырлардың құпиялары

Көпшілікпен кездесуге келгендер арасында волейболдан  Қазақстанның паралимпиада командасының капитаны Серік Есматов, жас инноватор Мəулен Бектұрғанов, кинорежиссер Əзиз Зайыров, ғалым-химик Диас Тастамбекұлы жəне кардиохирург Гүлжан Сəрсенбаева сынды түрлі сала өкілдері бар. Олардың барлығы да ешқандай қиындыққа мойымай, өмір жолында кездесетін кедергілерді бұзып-жарып, көздеген мақсаттарына қол жеткізген жандар. Дəп қазір жоғарыда аталған тұлғалар алматылықтар жəне осы əсем шаһардың қонақтарымен жүздесіп, өмірлік тəжірибелері жəне табысқа жетудің құпияларымен бөлісуде.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Нағыз батырлардың құпиялары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар