Қазақстан
2 мин оқу 590

Астанада «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы» атты көрме ашылды

<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президент &ndash; Елбасы кітапханасында &laquo;Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы&raquo; атты көрме ашылды. Бұл шара &laquo;Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры&raquo; қоғамдық қоры жүргізген балалар шығармашылығы байқауының нәтижесі бойынша ұйымдастырылды.&nbsp;<br /> </p>

Астанада «Бейбітшілік және мейірімділік симфониясы» атты көрме ашылды

Аталған көрме мен сайыс Астананың 20 жылдығы мен «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорының 20 жылдығына арналған.

Көрменің ашылуында Елбасы кі­тап­ханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов айтқандай, ел Президенті сомдаған бүгінгі Аста­на жай ғана елорда, мегаполис емес, бү­гінгі Астана республиканың киел­і құн­дылығы, бейбітшілік қаласы. «Нұр­сұлтан Назарбаевтың білім беру қо­ры» қоғамдық қорын таланттарға қам­­қоршы қоғамдық қор деп атар едім. Өйткені Елбасымыз жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында көз­­делген бәсекеге қабілеттілігі да­мы­ған мемлекет болуды болашақта іс­­ке асы­ратын алдыңғы қатарлы жас­та­ры­мыз. Міне, бүгінгі көрмеміз – осын­дай игі істердің айғағы іспеттес», деді ол.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың бі­лім бе­­ру қоры» қоғамдық қоры төр­аға­сы­ның орынбасары Ғайша Сыз­ды­қова қор­­дың 20 жыл бұрын Пре­зи­денттің бас­тамасымен ашылғанын атап өтті.

«Бейбітшілік және мейірімділік сим­­фониясы» көрмесіне қор фи­ли­ал­дары мен студенттердің, Ал­ма­ты қаласындағы №1 балалар үйі тәр­бие­ле­нушілерінің төрт жүзд­ен астам жұ­мысы ұсынылған. Жас жет­кін­шек­тер шығармаларын кес­кіндеме, кол­лаж, мозайка, шыныға жа­зу, квил­ли­нг,
батик секілді түрлі ар­а­­лас, көр­кем және қолданбалы тех­ни­­ка­­ларда орын­даған. Байқауға ұсы­­ныл­ған жұмыстарға Ел­басы кітап­ха­насының қызмет­кер­ле­рі, Астана қала­сын­дағы ЮНЕСКО клубы – Бала­лар көркемсурет мек­те­бі­нің өнер­та­ну­шылары баға берді. Осы­ның нә­ти­жесінде 3-18 жас аралы­ғын­дағы ба­ла­лардың 140 туындысы таң­далып алын­ған. Шара барысында еңбектері үз­дік деп танылған жас су­рет­шілер әртүрлі аталымдар бойын­ша марапатталды.

Жас суретшілердің айтуынша, шы­ғармашылық жұмыстары олардың іш­кі жан дүниесін, өмірге деген көз­қа­растарын бейнелеп, еліміздегі бір­лік пен келісімді, бас қаламыз Аста­на­ға деген мақтаныш сезімін сурет­тей­ді.

Елбасы кітапханасы мен Білім бе­ру қорының серіктестік туралы мемо­рандумы аясында өткен бұл көрме алғашқы шара екенін айта кетуіміз керек.

Көрме ағымдағы жылдың 12 тамы­зы­на дейін жалғасады.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: