Су спорты
2 мин оқу 360

Будапеште ватерполдан әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтеді

<p style="text-align:justify">16-24 маусым аралығында Венгрияның бас шаһары &ndash; Будапеште ватерполдан ерлер арасындағы Әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтеді. Бұл жарыста Черногория, Хорватия, Испания, Венгрия, АҚШ, Аустралия, Жапония және Қазақстанның ұлттық құрама командалары күш сынасады.</p>

Будапеште ватерполдан әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтеді

Айтулы дода 2002 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Грекияның Патры қала­сын­да өткен тұсаукесер турнирде Ресей спортшылары топ жарса, одан кейін Нью-Йорк пен Лонг-Бичте Венгрияның ватерполшыларына тең келер ешкім табылмады. 2005 және 2006 жылдары Белград пен Афинада жалауы жел­біреген жарыста Сербия мен Черногория құрамалары ша­ша­сына шаң жұқтырмады. Кей­ін­­нен жоғарыда аталған мем­ле­кет­­­тің іргесі сөгіліп, олар­дың әр­­­қайсысы жеке-жеке коман­да жа­­сақтайды. Бұл ретте де олар не­сібесіз болған жоқ. 2009 жы­лы Под­горицада өткен дода Чер­но­го­рияның жеңісімен аяқталса, С­ербияның су добы шеберлері тоғыз мәрте бас жүлдені олжалады.

2012 жылғы Әлемдік лига­ның суперфиналы Алматыда ұйым­дас­тырылғанын жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Осы спорт түрі­нің шоқ жұлдыздары Алатау бау­райында алты күн бойы айқа­сып, солардың арасынан Хорватия суырылып шықты. Финалда хорваттар Испаниядан айла­сын асырса, қола медаль Италияға бұйырды. Өкінішке қа­рай, барлық бәсекеде жеңі­ліс тап­қан жерлестеріміз Алма­ты­да­ғы турнирді ең соңғы орынмен қорытындылаған болатын.

Будапеште жарыс жолына шығатын командалардың бар­лы­ғы да өте мықты. Өзге дода­ларды айтпағанда Олимпия ойын­­да­ры­­ның өзінде ғана Вен­г­рия ва­тер­пол­­шылары 9 мәрте жеңім­паз атанды. АҚШ, Испания және Хорватия бір-бір реттен дәл сол тұ­ғырдан көрінді. Сербиямен бір ту­дың астында өнер көрсеткен кез­де Черногория күміс меда­ль­­ді иеленді. Аустралия мен Жа­по­ния Олимпиада мен әлем чем­­пионаттарында жүлде алма­ға­­нымен, олардың да қазіргі қар­қыны күшті. Міне, Венгрияда өте­тін Әлемдік лиганың супер­фи­налында Қазақстанның су до­бы шеберлеріне осындай мықт­ы­лармен айқасуға тура келеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Будапеште ватерполдан әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар