Әлем
1 мин оқу 343
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын сейсенбі күні кездеседі
<p>АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесу үшін Сингапурға аттанды. Бұл туралы bbc.com хабарлады.<br /> </p>

Жоспар бойынша тарихи саммит сейсенбі күні Сентоза аралында өтуі тиіс. Ресми басталғанға дейін қос тараптың басшылары бейресми кездесу өткізуі мүмкін. Бұл КХДР басшысының АҚШ-тың қазіргі президентімен алғашқы кездесуі болайын деп тұр.
Сингапурге шықпас бұрын Дональд Трамп бұл кездесуді "бейбітшілік орнатудың тамаша жолы" деп атады. Ол Астана уақытымен 23:35-те жетеді деп күтіліп отыр.
Ким Чен Ын өз кезегінде Трамптан бірнеше сағат бұрын жетіп, Сингапурдың премьер-министрі Ли Сяньлунмен кездесіп үлгерді.
Саммиттің күн тәртібінде АҚШ-тың Солтүстік Кореяда елшілік ашу жайы енгізілгені белгілі болды.
Бөлісу: