Теннис
1 мин оқу 305

Юлия Путинцева 42 сатыға жоғарлады

<p style="text-align: justify;">Париждегі Ролан Гаррос турнирі аяқталғаннан кейін әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. Қазақстанның теннисшілері арасында елеулі табысқа Юлия Путинцева қол жеткізіп отыр.</p>

«Үлкен дулыға» санатындағы додада ширек финалға дейін жеткен жерлесіміз бірден 42 сатыға жоғарлап, қазіргі кезде WTA тізімінде 56-орынды иеленуде. Десек те Юлия Путинцева бұл жолы да өзінің командалық әріптесі Зарина Диасты қуып жете алған жоқ. Жоғарыда аталған жарыстың екінші айналымында өнер көрсеткен Қазақстанның №1 ракеткасы 51-орыннан 45-сатыға көтерілді. Ал әйелдер арасындағы үздіктер көшін биылғы жылғы «Ролан Гаррсотың» жеңімпазы, румыниялық Симона Халеп бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда – даниялық Каролин Возняцки мен испаниялық Гарбинье Мугуруса.   

Отандастарымыздың арасында АТР рейтингіндегі ең үздік көрсеткіш Михаил Кукушкинге тиесілі. Бүгінгі таңда ол 86-орынға табан тіреді. Өкінішке қарай, өзге өрендеріміздің қарқыны баяу. Бұл тізімде Испанияның даңқты теннисшісі Рафаэль Надаль жеке-дара көш басында келеді. Швейцариялық Роджер Федерер мен германиялық Александр Зверев екінші және үшінші орындарды иемденуде.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: