Аймақтар
2 мин оқу 1,080

Цифрлы сауаттылық – маңызды өлшем

<p>Елбасы &laquo;Төртінші өнеркәсіп&shy;тік революция жағдайын&shy;дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері&raquo; Жолдауында еңбек нарығы&shy;ның тиімділігін қамтамасыз ету&shy;дің, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағ&shy;дай жасау&shy;&shy;дың қажеттілігін атап көр&shy;сеткен болатын.</p>

Цифрлы сауаттылық – маңызды өлшем

Бұл орай­да озық технологияларды өн­діріске енгізу, кеңінен қол­дану, ең алдымен цифрландыру жө­нін­дегі қанатқақты бағдар­ла­маларға жүгіну мамандарды кәсіби жағынан дайын­дау­дың, біліктілігін арттырудың ма­ңыз­ды қадамы болып табылары сөзсіз. Облыс орталығында жұ­мыс­сыз азаматтар үшін цифрлы сауаттылықты оқыту бойынша IT-орталығының ашылатыны соның бір айғағы болып табылады. «Нұр Отан» партиясы об­лыс­тық филиалында өткен бас­қосуға жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасы мен «Есіл» дамыту аймақтық орта­лы­­ғы­ның өкілдері қатысып, жұ­мыс­­сыз азаматтар және өзін-өзі жұ­мыспен қамтушылар үшін IT-орталықтар құру, цифрлы жобаларды жүзеге асыру мәселелері аясында ой-пікірлер алмасып, меморандумға қол қойды.

Филиал төрағасының бірін­ші орынбасары Артур Мол­да­ғұлов меморандумда партия­ның жаңа жобасын жүзеге асыру­дың алғышарттары қарасты­рыл­ғанын, ондағы мақсат аза­мат­тардың цифрлы сауатты­лығын арттыруды және білікті IT-мамандар пулын әзірлеуді діттей­тінін атап көрсетті. Таяу арада облыс орталығында екі IT-ор­талық ашылатынын, бұл жұ­мыс аудандарда да жал­ға­са­­тынын жеткізді. Алғашқы жылы жүзден астам мамандарды оқыту жоспарланған. Жоба­ға қа­ты­сушылар сұранысқа ие цифр­­лық дағдыларына және бағдарла­ма­лардың заманауи тілдерінде оқытылатын болады.Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәр­дем беріледі. Оның түпкі қоры­тын­дысы IT-кәсіпкерлікті дамыту басым­дығына негізделеді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы алдында ІТ-орта­лықтардың тізбесін айқындау міндеті тұр. Қала мен аудан­дық жұмыспен қамту ор­та­лық­тарына ІТ-орталық­тарға оқу­ға жіберілетін тұлғалардың контин­гентін нақты анықтау тапсырма­лары жүктелді. Өз кезегінде «Есіл» дамыту аймақтық орта­лығы IT-мамандарды даярлау және оқыту бойынша қызметтер ұсынады.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Цифрлы сауаттылық – маңызды өлшем · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар