Аймақтар
1 мин оқу 1,101

Жамбыл Жабаев. «Халық – менің шын атым...»

<p>Бұл суреттегі еңселі ес&shy;керткіш &ndash; жыр алыбы Жам&shy;&shy;был Жабаевтың кіндік қаны тамған өлкедегі асқақ бейнесі. Ұзынағаш аулына кіреберіс көшеде бой көтерген тұғыр жақында ашылды.&nbsp;</p>

Жамбыл Жабаев. «Халық – менің шын атым...»

Жалпы, аруақты ақынның ескерткіштері еліміздің бар­лық аймағында ғана емес, бірқатар шет мемлекеттерде де бар. Мысалға, Алматы облысы әкімдігінің мұ­рындық болуымен соңғы 4-5 жыл аралығында Киев пен Белград қалаларында Жамбыл бейнесі тасқа қа­шал­­ған болатын. Ал жыр алы­­бы аттас ауданның орта­лы­­­ғындағы ескерткішті осы өңір­­дің азаматтары бас болып, же­­ке қаржыларына жасатқан екен.

– Биыл біздің ауданның Қастек ауданы болып құрыл­ғанына 90 жыл әрі Жамбыл атын иеленгеніне 80 жыл толып отыр. Осыған орай аудан орталығына Жамбыл баба ескерткішін орнату туралы көпшілік бас­тама көтерген еді. Сөйтіп «Туған жерге тағ­­­зым» деген қор құрылды. Ағайындар қорға қаржы жи­нақ­тап, ес­керткіштің ашы­луы­на ұйыт­қы болды, – дейді істің басы-қасында жүрген қа­дір­менді ақсақал Әскербек Абаев. 

Міне, енді белгілі мүсінші Қазбек Жарылғаповтың қолы­нан шыққан қола мүсін қазір Ұзынағаштағы «Ақын­дар мен батырлар елі» саяба­ғының сәнін келтіріп тұр.

Жалпы, Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қол­ға алынған шаралардың қата­рында ұлттың ұлы тұлға­ларының есімін ардақтап, ауыл­дарда ескерткіш тұрғызу сәтті жүзеге асып жатыр. Жыр алыбына қойылған ес­керт­кіш – соның бір жарқын көрінісі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Бөлісу:
Жамбыл Жабаев. «Халық – менің шын атым...» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар