Қазақстан
1 мин оқу 776

«Ұлы Дала бояулары» ат­ты байқаудың жеңім­паз­дары анықталды

<p style="text-align:justify">Елордада Қазақстанның эко&shy;&shy;логиялық білім беру бағ&shy;дарламасы аясында &laquo;Ұлы Дала бояулары&raquo; ат&shy;ты Республикалық бала&shy;лар және жасөспірімдер ара&shy;&shy;сын&shy;дағы байқау жеңім&shy;паз&shy;дары анықталды. Жоба&shy;ны Астана қаласының Бала&shy;лар көркемсурет мектебі &ndash; ЮНЕСКО клубы және Қа&shy;зақ&shy;стандағы &laquo;Шеврон&raquo; компаниясы ұйымдастырды.&nbsp;</p> <p>&nbsp;</p>

«Ұлы Дала бояулары» ат­ты байқаудың жеңім­паз­дары анықталды

Республикалық балалар бай­қауына 300-ге жуық суретші жеткіншек қатысты. Олардың 50-і ғана үздік атанып, 8 бала жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлдені Д.Ставничая мен В.Каварентка иеленсе, жүлделі бі­рінші орынды О.Беспалова мен А.Паноморенко, екін­­ші орынды Д.Сейвухина мен Б.Бейсембекова иеленді. Ал үшін­­ші орын М.Қайратова мен А.Снел­хановаға бұйырды. 

«Біздің компаниямыз Қазақ­станға ширек ғасыр бұрын кел­ді және тәуелсіз мемлекет­ке қолдау көрсеткен, сенім білдір­ген бірінші ірі батыстық инвестор болды. Біздің ірі әлеу­мет­тік жобаларымыздың бірі жас ұрпақты экологиялық құн­ды­лықтарға өнер арқылы бау­лу болып табылады. Біз бүгін тамашалап отырған суреттерде балалардың қоршаған орта­ның сұ­лулығын, Қазақстан хал­қы­ның мәдениетін бейнелеу­ге құштарлығын анық көріп отыр­­мыз», деді «Шеврон» ком­­па­ния­сының өкілі Лейла Айт­мұханова. 

Байқауға қатысушылар бейнелеу құралдарымен қоршаған әлемді, яғни туған табиғаттың сұ­лулығын, сүйікті қаласын, же­тістіктерін, Қазақстанның бар­лық қазақстандықтар үшін ор­тақ үй екенін көрсетуге ты­рысқан. 

Байқау аясында бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер, мүсін және қыш бойынша шеберлік кластар, елорданың әсем де салтанатты орындарымен танысу және Ұлттық музейге, «Мәңгілік ел» салтанатты аркасына экскурсиялар ұйымдастырылды. 

Миражан МАХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Бөлісу:
«Ұлы Дала бояулары» ат­ты байқаудың жеңім­паз­дары анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар