Қазақстан
2 мин оқу 332

Мың бояулы шаһардың бір күні

<p style="text-align: justify;">Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында алғаш рет Алматы қаласының фотосуреттер және суреттер, заманауи теледидарлар QLED озық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, инновациялар көрмесі өтті.</p>

Мың бояулы шаһардың бір күні

Жауһар жарықтар алмалы қаланың айшықты тынысын таныта түседі. Қала ортасындағы Панфилов көшесі жаяу жүргіншілер еркін қоз­ғалатын әрі демалатын ор­талыққа айналған. Арнайы орындықтар, сусын сататын орындар, балалар ойнайтын алаңдар жасақталған көшенің ұзына бойында қолөнер бұ­йымдары сатылатын базарлар ұйымдастырылғанын да айта кет­кеніміз жөн.

Мың бояулы шаһардың мерекесін танытатын шарада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен QLED Samsung Elektronics Central Eurasia компаниясының прези­денті Бен Юн сөз сөйледі.

Еліміздің егемендігінің алдында маңызды шешімдер қабылданған Қазақстанның бұрынғы астанасының ерекше рөліне тоқталған Бауыржан Байбек бүгін Алматы мәдениет, бизнес және қаржы орталығы екенін, ол сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырған Samsung Electronics компаниясына алғы­сын білдірді.

Алматыда 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жат­қан Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Ун Чол Юн өз ке­зегінде өздерінің қазақ­стан­­дықтарға арналған инно­вациялық жетістіктерді енгізуге қуанышты екендіктерін айтты. Бір жыл бұрын олар Аста­надағы EXPO-2017 көрмесінде QLED сызығын енгізсе, енді міне, Алматыда мереке күнін ұйымдастырып отыр.

Өзгеше бояумен түрленіп сән-салтанат тапқан Панфилов көшесі бойындағы Samsung QLED теледидарлары арқылы жоғарғы сапалы әдемі суреттер, көз жауын алған әшекейлі өрнектер мың түрлі бояуға малынған қаланың әсем дидарын танытады. Жаяу жүр­гіншілер жолының көңіл дем­дейтін әспеттілігі демалу­шы­ларға айрықша тыныс бер­гендей екен. «Алматыда өт­кен бір күн. Өмірге арналған қала» кітабының тұсаукесері оқырмандар арасында ерекше қызығушылық туғызды. Жаңа басылымда Алматы қаласының бірегей суреттерін, таныс кө­ше­лерді және азаматтардың күн­делікті өмірін көре аласыз.

Алматы қаласына арналған фотография мен сурет көрмесі және бір актілі «Шахерезеда» балеті келушілерге қуаныш сыйлады.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Мың бояулы шаһардың бір күні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар