Қазақстан
1 мин оқу 514

Автоматтандырылған қызмет саны артуда

<p style="text-align: justify;">Орталық коммуникациялар қызметінде &laquo;Бәйтерек&raquo; ұлттық басқарушы холдингі&raquo; АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаевтың қатысуымен &laquo;Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың &laquo;Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері&raquo; атты Жолдауын іске асыру шеңберінде &laquo;Бір терезе&raquo; қағидасын қолдану арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау үдерістерін цифрландыру барысы&raquo; тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.</p>

Автоматтандырылған қызмет саны артуда

Ә.Омарқожаев өз сөзінде «Бәйтерек» холдингі ірі қар­­жылық даму институты ре­тінде өз қызметін цифрлан­дыру мәсе­лелерін жүйелі ат­қаруды жолға қойғанын атап өтті. Сондай-ақ спикер қазіргі уақытта «Digital Baiterek» жобасын іске қосудың арқасында холдинг бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын цифр­ландыруды жүзеге асырып жат­қандығын сөз етті.

«Атап айтқанда, холдингтің 2018-2023 жылдарға арналған цифр­ландыру стратегиясы жүзеге асырылуда, онда қыз­метінің алты негізгі бағы­ты және жиырма нақты цифр­лық қадам белгіленді. Бүгінгі күні холдингтің 19 қызметі авто­маттандырылған. Бұл – «Бә­йтерек» ҰБХ» АҚ-тың барлық қызметтерінің 70 па­йы­зы. «Бәйтерек» хол­дингі көп жылдан бері цифрланды­ру жұмыстарын жүйе­лі түр­де жүргізіп келеді. Бұл ретте холдингтің «Элек­трон­ды үкімет» порталы шең­бе­­­рінде бизнесті қолдау бо­йын­ша оң тәжірибесі бар. Цифрландырудың соң­ғы нә­тижесі – холдинг жұмы­сы­ның тиімділігін арттыру, қаражат пен уақытты үнем­­деу, азаматтардың біз­дің қыз­­меттерімізге қол­жетім­ді­л­ігін қамтамасыз ету және бар­­лық клиенттерге бағ­дар­лан­ған процестердің ашық­тығын қамтамасыз ету. Біз барлық қызметтерімізді цифр­­­ландыруға және хол­динг­тің бірыңғай цифрлық эко­жүйесін жасауға тырысамыз», деді Ә.Омарқожаев өз сөзінде.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: