Жаңалықтар
1 мин оқу 495

«ЕЛБАСЫ» төсбелгісі тапсырылды

Кеше Парламент Сенатында өткен Қазақстан Респуб­ли­касы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Мемлекет басшысына «Елбасы» төсбелгісі тапсырылды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты айрықша үлгідегі «Елбасы» белгісімен марапаттау туралы қаулыны сенаторлар бірауыздан қолдады. Сенат Төрағасы Қайрат Мәми атап өткендей, депутаттар мұн­дай шешімді қабылдау арқылы Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы және дамытудағы орасан рөліне тарихи бағасын берді. Президент сенаторларға атал­ған бастамалары үшін ризашы­лы­ғын білдіріп, Парламенттің Қазақ­стан­ның мемлекеттілігін ны­ғай­ту­ға үлкен үлес қосқанын атап өтті. – Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Парламент депутаттары елдің, экономика мен қоғамның игілігі үшін үлкен жұмыстар атқарды. Біздің еліміз биліктің барлық тармағының тиімді өзара іс-қимылының арқасында барлық ауыртпалықтар мен қиыншы­лық­тар­ды еңсере білді, – деді Нұр­сұлтан Назарбаев.
Бөлісу:
«ЕЛБАСЫ» төсбелгісі тапсырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар