Аймақтар
1 мин оқу 722

Павлодарда атты полиция жасағы құрылды

<p>Облыстық ішкі істер департаментінің бастамасымен құрылған Жол-патрульдік қызмет батальоны құрамындағы полиция жасағы облыс&nbsp; орталығындағы саябақтар мен саяжайларда қоғамдық тыныштық сақтауда&nbsp; қызмет көрсетуде. Бұл қызмет үшін әкелінген 15 аттың барлығы да қолға үйретілген. Аттардың күтімімен полицейлердің өздері&nbsp; айналысады. Жасақ арнайы кестеге сәйкес қызмет жасайды.</p>

Павлодарда атты полиция жасағы құрылды

Өткен жылы облыс  орталығындағы саяжайларда 157 құқық-бұзушылық орын алыпты. Сондықтан, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қазір атты полиция жасағы 3 аусым бойынша күндізгі, кешкі, түскі  уақыттарда саяжайларды бақылайды. Атты полицейлер  белгіленген бағыттарда екі-екіден жүреді. Қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің хабарынша, алдағы уақытта аттар саны  70-ке жетіп, полицейлер қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан саяжайлармен қатар Ертіс жағалауындағы тыныштықты қадағалайды. Атты полицейлер маусым мен қазан айларының аралығында қызмет атқарады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар ​​​​​​​

Бөлісу:
Павлодарда атты полиция жасағы құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар