Қазақстан
1 мин оқу 454

Үздік үлеске – үлкен құрмет

<p style="text-align:justify">Жуырда Астананың 20 жылдық мерекесіне орай елдің дамуы мен елорданың қуатты қалыптасуына қосқан елеулі еңбектері үшін &laquo;Астана 20 жыл&raquo; мерейтойлық медалімен мәдениет және спорт саласының үздіктері марапатталды.</p>

Үздік үлеске – үлкен құрмет

Елораданың торқалы тойын атап өту қарсаңында көп­­теген мерекелік шаралар ұйым­дастырылып жат­қа­ны белгілі. Соның бірі – мәдениетімізге мәнді ғұмырын арнап, спорт сала­сына маңдайтерін төккен, ел игілігіне елеулі еңбек сіңіріп жүрген бір топ қоғам өкілдеріне берілген марапат.

«Астана 20 жыл» мерей­той­лық медалі мен естелік сый­лықтарын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстады. Бас шаһардың еңселі бой түзе­уі­не қосқан үлесі үшін қо­ғам қай­раткерлерінің, ғы­лым және шығармашылық зия­­лы қауымның, спорт саң­лақ­тарының ішінен 62 адам осы марапатқа лайық деп танылды. Олардың ішінде Бибі­гүл Төлегенова, Асанәлі Әші­мов, Мырзатай Жолдасбеков сынды тұлғалар бар. Айта кетуі­міз керек, «Астана 20 жыл» мерей­тойлық медалі Президент Н.Назарбаевтың Жарлығына сәй­кес тағайындалған мемле­кеттік награда болып есептеледі.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Үздік үлеске – үлкен құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар