Иван Дычко жетінші рет жеңіске жетті (ВИДЕО)
<p style="text-align:justify">Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (6-0, 6 КО) жетінші рет жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды<a href="https://www.sports.kz/news/video-brutalnogo-nokauta-ivanom-dyichko-amerikantsa-vpervom-raunde"> Sports.kz.</a></p>

Кезекті кездесуін Голливудта (АҚШ, Флорида штаты) өткізген Иван Дычко 42 жастағы америкалық ардагер Морис Харриспен (26-21-3, 11 КО) жұдырықтасты. Сегіз кезеңге жоспарланған жекпе-жекті қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ нокаутпен аяқтады. Сөйтіп ол өзінің кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Дычконың осыған дейінгі айқасы Сент-Питерсбергте (Флорида штаты, АҚШ) тәжірибелі америкалық боксшы Майкл Морронемен өткен болатын. Онда да отандасымыз алғашқы раундта-ақ қарсыласын жеңген еді.