Қазақстан
2 мин оқу 492

Адам құқығын сақтауға ұсыныс берілді

<p>Конституциялық Кеңестің &laquo;Қарағанды облыс&shy;тық сотының ұсынысы бойынша &laquo;Атқарушылық iс жүргiзу және сот орын&shy;даушыларының мәртебесi туралы&raquo; Қазақстан Рес&shy;публикасы Заңының 27-бабы 5-тармағының консти&shy;туц&shy;ия&shy;&shy;лылығын тексеру туралы&raquo; нормативтік қаулысы жарияланды. Конституциялық Кеңес &laquo;Атқарушылық iс жүргiзу және сот орын&shy;дау&shy;шыларының мәртебесi туралы&raquo; Заңының сот даулаған нормасын Ата Заңға сәйкес деп тапты.&nbsp;</p>

Адам құқығын сақтауға ұсыныс берілді

Конституциялық кеңестің атал­ған шешіміне сәйкес, атқару­шы­лық іс жүргізу кезінде сот орындаушысына келуден бас тартқан адамға мәжбүрлеп әкелуді қол­дану сот шешімдерін және өзге де мемлекеттік органдар мен лауа­зымды тұлғалардың акті­ле­рін орындауды қамтамасыз ету­де атқарушылық іс жүргізуге қа­ты­су­шы азаматтардың конс­ти­ту­ция­лық құқықтарын бұзбайды екен. Алайда Конституциялық ке­­ңес мәжбүрлеп әкелуді қол­дану мәселелеріне қатысты заң­на­ма­ның және құқық қол­дану прак­ти­ка­сының елеулі ке­м­ші­лік­­теріне мүд­делі мемлекеттік ор­ган­дардың на­зарын аударуды да жөн санайды. 

Өйткені қолданыстағы «Атқа­ру­шылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесi ту­ралы» заңды қолдану тетігі прак­тикада қатаң құқықтық шек­теу сипатына ие шаралармен ұштасатын күштеп, яғни мәж­бүрлеп әкелуді орындау тәр­тібін регламенттемейді. Се­бебі заңнамада мәжбүрлеп әке­луді жүзеге асыру уақыты, мәж­бүрлеп әкелуге жатпайтын адам­дардың тізбесі, тұлғаның кел­меу себептерін дәлелді деп та­ну­­дың мән-жайлары, арнаулы құрал­дар­ды, дене күші мен қаруды қол­дану мүмкіндігі, сондай-ақ адам­ның конституциялық құ­қ­ық­тарын қозғайтын басқа да мәселелер айқындалмаған. Де­мек, заңнамада күштеп әке­лу­ді қолдану субъектісі анық бел­гі­ленбеген.

Сондықтан, Конституциялық кеңестің пікірінше, мәжбүрлеп әкелуді санкциялау рәсіміндегі сот бақылауы оны қолданудың формальды шарттарын ғана анықтаумен шектелмеуі тиіс. Бұл процесте соттың міндеті істің барлық мән-жайларын зерт­тей отырып, күштеп әке­луді қолданудың негіздерін, заң­дылығы мен негізділігін мұқият тексеруді білдіреді.

Конституциялық кеңес атап өт­кендей, әртүрлі іс жүргізулерде қол­данылатын күштеп әкелу мем­лекеттік мәжбүрлеу шара­ла­ры­ның құқықтық болмысы ортақ, таңдау негіздері, іске асыру тетігі ұқсас, адамның және азаматтың кон­­ституциялық құқықтары мен бос­тандықтарын қозғайды. Де­мек оларды қолдану тәртібі және жү­зеге асыру субъектісі заңда анық белгіленуі тиіс. 

Осы орайда, Конституциялық Кеңес Үкіметке «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орын­дау­шыларының мәртебесi тура­лы» Заң­ға және өзге де құ­қық­тық ак­тілерге түзетулер ен­гізу ту­ра­лы ұсыным жіберді. Қа­жет­­ті заңнамалық түзетулер қа­был­данғанға дейін уәкілетті мем­лекеттік органдарға атқа­ру­шылық іс жүргізуде күштеп әкел­уді қолданғанда Қылмыстық-про­цестік кодексте және «Про­куратура туралы» заңда көз­дел­ген тиісті кепілдіктер дең­гейінде адам құқықтарын сақтауға ұсы­ныс берілді. 

Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Адам құқығын сақтауға ұсыныс берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар