Қазақстан
2 мин оқу 433

Алматы электр энергиясынан тапшылық көрмейді

<p>Алматының Түрксіб ауданында жабық пішіндегі жаңа қосалқы станса іске қосылды. Су жаңа нысан 2008 жылы басталған Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтау бағдарламасын толықтай іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.&nbsp;</p>

Алматы электр энергиясынан тапшылық көрмейді

Нысанның ашылуына арнайы келген «Самұрық -Қа­зы­на» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахмет­жан Есімов елі­міздің ең ірі ме­га­полисін энергиямен үзі­ліс­сіз қамтамасыз ету мәселесіне үлкен мән берілетінін, ендігі жалғыз міндет осы қуат көздерін дұрыс пайдалану екенін атап өтті. «Түр­ксіб» қосалқы стансасы тран­с­фор­ма­тор­лық қуатты 30 МВА-ға арттырады және Түр­ксіб ауданының орталық бөлігін, сондай-ақ «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында салынған «Жас қанат» жаңа шағын ауда­нын, «Алматы агломерациясының 2030 жылға дейінгі өңіраралық схемасы» бағ­дар­ла­масы бойынша қалаға қосылған «Қайрат» ша­ғын ауданының негізгі бөлігін электрмен қам­тамасыз етпек.

– Мемлекет басшысы осы­дан он жыл бұрын алға қой­ған мін­деттердің бірі  Алматы қа­ла­сын электрмен орнықты жаб­дық­тау болатын. Бүгін қосалқы стан­саның іске қосылуымен бұл мәселе толық шешілді. Ендігі міндет – осы қуат көздерін дұрыс пай­далану, өйткені жұмсалған 20 млрд тең­геден астам қаражат тиімді жұмыс істеуі керек. Ес­те­ріңізде болар, осыдан 10 жыл бұ­­рын жарықты кезек-кезегімен апат­тық жағ­дайда сөндіріп, электр­мен орнықты жаб­дықтай ал­майтынбыз. Бұл қаланың жә­не бизнестің дамуына кедергі кел­тіріп, ха­лықтың әлеуметтік жағ­дайына әсер ететін. Ен­ді бұл өзекті проблема толықтай ше­шілді деп айтуға әбден болады, – деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Саны жағынан 33-ші қосалқы станса іске қо­сылғаннан кейін, қаланы энергиямен жаб­дықтау картасы толығымен «жасыл түс­ке» боялатын болады.

Сондай-ақ Ахметжан Есімов Алматы қала­сына жұ­мыс сапары барысында қала­да­­ғы энергетикалық кеше­н­нің орнықты дамуы­нда үлкен маңызға ие «Алатау Жа­рық Ком­паниясы» АҚ-тың объ­ектілерінде болып, жүк­те­мені «Таулы қы­рат» қосалқы станса­сынан «Ермен­сай» қосалқы стансасына ауыстыру жұмыстарымен танысты. Бұл жо­ба «Таулы қырат» орналасқан аумақта лай көшкіні болған жағ­дайда, қосалқы стан­саның қи­рау және тұтынушылардың элек­тр­ден жаппай ағытылу қау­пі туындауы­на байланыс­ты іске асырылуда. Апатты жағ­­дай­ларды болдырмау мақ­са­тында жүктемені «Гор­ный гигант» шағын стансасынан «Ер­менсайға» ауыстыру туралы шешім қа­был­данғанын айта кеткен жөн.

Соңғы үлгідегі заманауи технологиялар­мен жабдық­тал­ған «Ерменсай» қосал­қы станса­сы Алматы қаласында Қысқы Ази­ада – 2011 ойындарының өткізілуіне орай­­­ластырылып іске қосылған болатын. Мамандар жүк­темелерді ауыстыру жұ­мыстары толық аяқталғаннан кейін «Тау­лы қырат» қосалқы стансасы жойылатынын айтады.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматы электр энергиясынан тапшылық көрмейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар