Пайдалы марафон
<p>Денсаулық сақтау минис­тр­­лігінің бастамасымен рес­публика көлемінде өтіп жатқан «Саламатты әдет­тер марафонына» аты­рау­лықтардың да қы­зығу­шылықтары жоғары. Денсаулық сақтап, ұзақ өмір сүруге үндейтін шара бес кезеңнен тұрады: адам ағзасына зияны бар тұзды күнделікті тұтынуды азайту, тәулігіне 2 литр су ішу, 10 000 қадам жаяу жүру, жеміс-жидектер пайдалану, жазатайым жағдайға тап болғанда жасалатын іс-әрекеттерді білу. </p>

Қалалық №7 емхана мен Атырау медицина колледжі, саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп ұйымдастырған марафон медицина қызметкерлерінің флешмобымен басталды. Ретро саябақта жасалған «Денсаулық қалашығында» тұрғындар қан қысымдарын, қандағы қант пен холестерин мөлшерін тегін өлшеуге мүмкіндік алды.
– Марафон талаптарын әр тұрғын өз деңгейінде жалғастырып отыруы керек. 8 қыркүйекте материалдар республикаға жолданады. Барлық ережелерді бұлжытпай орындаған қатысушыларға арнайы сыйлықтар бар, – дейді Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Алуа Сыралиева.
Пайдасынан зияны көп газды сусындарды, аса тәтті, тым ащы тамақтарды тұтынбай, таза су ішіп, жеміс-жидек пайдаланудың маңызы зор. Марафонның мақсаты – спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануды әр адамның күнделікті әдетіне айналдырып, өмір сапасын арттыру. Ал атыраулықтардың қандай нәтиже көрсететіні қыркүйекте белгілі болады.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ