Жаңаөзенде үш тілді лагерлер ұйымдастырылды
<p style="text-align:justify">Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жазғы каникул кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар жаңартылған білім мазмұнын, үштілділікті ілгерілету мақсатында оқушылар үшін қалалық білім беру ұйымдары жанынан лагерлер ұйымдастырылды. </p>

Аталмыш лагерлер жұмысына «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының құрамы партиялық бақылау жүргізді.
Қала бойынша үш тілдік лагерлер маусым айының 6 жұлдызынан бастап I кезеңі жұмысын бастады. I кезеңде қамтылған оқушылар саны 330 болса, II кезеңде 270 оқушы қамтылып отыр.
Қалалық мәслихат депутаты, «ӨзенДизайнСервис» ЖШС директоры, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бекқали Нұрбосынов: «Осындай лагерлер балаларға тиімді, әрі бос уақытын мазмұнды өткізуге пайдалы. Комиссия мүшелері өткізілген дәріс жұмыстарына қатыстық, мұғалімдердің біліктілігі мен ұйымдастыру қабілеттілігіне ризамыз», деді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы