Аймақтар
1 мин оқу 440

Атырауда шағын қайықтар шеруі өтті

<p style="text-align: justify;"><span style="color:#222222; font-family:arial,sans-serif; font-size:12.8px">Шеру &laquo;Адал жол&raquo; марафоны аясында өтті, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.&nbsp;</span></p>

Атырауда шағын қайықтар шеруі өтті

Шеруге шамамен 30 бірлік су көлігі - 20 қайық, 2 яхта, 6 гидроцикл және 1 кеме қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның құрметті қонақтары- каратэден Әлем чемпионы - Әсел Серікова, муайтайдан Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Дидар Болатов, Кикбокстан Әлем кубогының иегері - Азамат Утемисов.

Қатысушылар марафонның жалауын , Қазақстанның мемлекеттік туын көтеріп орталық көпірден Ретро саябаққа дейін жүріп өтті. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама болды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, бұл акцияның мақсаты -қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың, оның ішінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыста барлық топтарының өкілдерін тарту болып табылады.

- Мұндай шараларды өткізу арқылы біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты болашақта оң нәтижесін береді,- дейді Мейірім Қалауи.

Бөлісу:
Атырауда шағын қайықтар шеруі өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар