Бизнес
1 мин оқу 453

Бизнес үшін GSP-ның артықшылықтары көп

<p style="text-align: justify;">Кеше елордада отандық бизнестің ірі өкілдері АҚШ Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі сауда өкілінің көмекшісі Марк Линскоттпен,&nbsp; АҚШ сауда өкілінің сауда және экономика саясаты жөніндегі көмекшісі Эдвард Грессермен кездесті.&nbsp;</p>

Бизнес үшін GSP-ның артықшылықтары көп

Делегация құрамында аме­ри­калық басқа да экономикалық ұйымдардың өкілдері және АҚШ-тың Қазақстандағы елші­лігінің қызметкерлері болды. Шараға «Атамекен» ҰКП, Қазақ­станның Сыртқы сауда палата­сы, Астананың Кәсіпкерлер пала­тасы бірлесіп мұрындық бол­ға­нын айта кетейік. Кездесу өткі­зудегі басты мақсат Қазақстан биз­несінің өкілдеріне АҚШ-тағы Артықшылықтардың бас жүйесі (GSP) бағдарламасын кеңірек таныстыруға бағытталды. Аталған бағдарлама елімізде өн­ді­рілетін 3500-ден астам тауар түрін мұ­хит­тың арғы жағындағы елдің на­рығына баж салығынсыз енгі­зуге жол ашатынын айта кетейік. 

Кездесу барысында АҚШ сауда өкілінің сауда және экономика саясаты жөніндегі көмекшісі Эд­вард Грессер екі мемлекеттің ара­сын­дағы сауда қатынастарына қа­тысты бірқатар деректі тілге тиек етті. Ал еліміздің Сыртқы сауда пала­та­сының басқарма төрағасы Аян Ереновтің айтуынша, бү­гін­гі таң­да АҚШ-қа тұрақты тауар экспорт­таумен 2 мыңға жуық қазақ­­стан­дық өндіруші айналысады. Қа­зақ­­станның тауар айна­лымын­да әлем мемлекеттері ара­сын­да АҚШ 6-орынды иеленеді. Қа­зақ­стан мен АҚШ арасын­дағы тауар айналымы 2017 жы­лы 1 млрд 645 млн АҚШ дол­ларын құра­ды. Бүгінгі таңда GSP бағ­дар­ла­ма­сын тұтынатын елдердің ішінде Қазақстан тауар тасыма­лы­ның көлемі бойынша 12-орын алатынын айта кетейік. 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Бизнес үшін GSP-ның артықшылықтары көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар