Өскеменге жаңа әкім тағайындалды
<p class="MsoNormal" style="margin: 6pt 0cm; line-height: normal; background-image: initial; background-position: initial; background-size: initial; background-repeat: initial; background-attachment: initial; background-origin: initial; background-clip: initial; text-align: justify;">Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменнің активіне облыс орталығының жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметке бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Жақсылық Омар тағайындалды.</p>

Жақсылық Омар 1980 жылы Алматы облысы Алакөл ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2001) мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін (2010) бітірген.
2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы, "Қазақстан" РТРК" АҚ "Астана" ТРК дирекциясы директорының орынбасары, "Арнамедиа" Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ бас менеджері, 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы, 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың қарашасында Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН