Қазақстан
3 мин оқу 461

Жобалау кезінде қателікке жол берілген

<p style="text-align:justify">Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбырдан елорданың бірқатар көшесі судың астында қалды. Бұл жағдай қала тұрғындарын біраз әбігерге салып, әлеуметтік желілерде де &laquo;әңгіме&raquo; көбейген еді. Жауынның &laquo;жыры&raquo; кеше Үкімет отырысында да күн тәртібінен тыс қаралып, Премьер-Министрдің назарында болды. Ал түстен кейін Астанадағы Орталық коммуникация&shy;лар қызметі қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовті шақырып, арнайы баспасөз мәжілісін өткізді. Онда елорданың нөсер кәріздері жүйесін дамыту жайы талқыланды.&nbsp;</p>

Жобалау кезінде қателікке жол берілген

«Қазгидромет» РМК мәлі­ме­тіне сәйкес, 20 тамыз бен 21 тамыз аралығында Астананың оң жа­ғалауында 36 миллиметр, ал сол жағалауында 45 миллиметр жауын жауған. Бұл айлық нор­мадан 40 процентке артық. Мұн­шама көп мөлшердегі жауын сал­дарынан қаланың кәріз жүйесін­дегі ақаулар тағы да сыр берген­дей. Өйткені жаңбыр суын азай­туға 11 тазарту құрылғысы, 2 су сорғыш, 11-ге жуық сорғы стан­сасы, 110 ассенизаторлық маши­на және басқа да техника­лар жұмылдырылған. Айдап қота­рылған судың көлемі саға­тына 50 мың текше метрді құра­ған. Бірақ көшенің суағарлары әуелден дұрыс салынба­ған­дықтан мұншама әрекеттің көме­гі аз болғандай. Жауын суын қа­былдаушы техникалар үл­гермей, Нәжімеденов, Тәуелсіздік, Мо­мышұлы көшелерінің біраз бөлігін су алып кеткен. Тек таң­ғы 5-ке жуық аталмыш көше­лер­ден суды сорып, тазарту мүмкін болған.

«Мамандандырылған кәсіп­орын­дар мен коммуналдық кә­сіп­­орындар осы уақыт аралы­ғында тәулік бойы дамылсыз жұмыс істеді», деген Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхаметов көшелерді су алып кету жағдайларына жол берілгені үшін халықтан кеші­рім де сұрады. «ОКҚ алаңын пайда­ла­нып, қала халқына алғыс ай­та отырып, кешірім сұрағы­мыз келеді. Су алып кету жағдай­ларына жол берілді. Екі сағаттың ішін­де мәселе ретке келгенімен, бәрі­бір жағдайдың орын алғанын жасыра алмаймыз», деді ол.

Әлсіз тұсы әшкереленді деген осы шығар, бас қаланың бас кө­ше­леріндегі нөсер кәріздері­нің жүйесі дұрыс есепке құ­рыл­ма­ған­дығы тағы да дәлелденді. Се­бе­бі елорда көшелерін су басу, өкі­ніш­ке қарай, бұл бірінші рет емес еді.

«Тұран» даңғылы мен «Ұлы Дала» көшелерінің қиылысын су алып кетуіне жобалау кезіндегі қателік себеп болып отыр. Су ір­куіштің аумағы дұрыс есептелмей, осы себепті қуаттылығы төмен су сорғылар орнатылып қойған», деді Қ.Айтмұхаметов. Әкімнің орынбасары ендігі кезекте аталмыш участокті жаңғырту жұмысы жүргізілгелі жатқанын атап өтті. «Тазарту құрылымдарын басқару – штатты басқару жүйесінде. Біз ол жерде қосымша ТЖК бөлімшелерінің қозғалмалы сорғылы стансаларын орнаттық. Сонымен қатар аталған нысан жаңғырту бойынша жоба басталды. Жұмыс 2019 жы­лы бас­талып, 2020 жылы аяқта­лады», деді әкімдік өкілі.

Мәліметке сүйенсек, бүгінде қа­ладағы нөсерлік кәріздер жү­йесі 13 тазалау құрылғысынан жә­не 3 сақтау тоғанынан, 18,9 мың бақылау және жаңбырсуы құдық­тарынан, 398,8 шақырымға тарта магистралды коллекторларынан және науа арықтар жүйесінен тұрады. Олар 12,93 мың гектар аумақта жиналған жайылма судың кетуін қамтамасыз етеді. Тазарту құрыл­ғыларының жиынтық қуаттылығы тәулігіне 215,46 мың текше метрді құрайды. Ал елордада 2016 жылға дейін тек 9 тазарту нысаны мен 3 тоған жинақтаушы болған.

Айтқандай, Астана көшелерін су басқандығы жөніндегі ақпа­рат­тар әдеттегідей әлеуметтік желі­лерде тез тарағаны мәлім. Соның ішінде айрықша танымал болғаны – елорда көшесінде суды белшесінен кешкен қоғамдық көлік – салоны жолаушыға толы автобус еді. Брифинг барысында сол автобустың жүргізушісі жұмыстан шеттетілгені айтылды. Бұл туралы журналистер сұраған соң Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді.

«Автобус жүргізушісіне ол жақ­қа бармау керектігі ескер­тілген. Оның үстіне ол жағ­дай­ды жақсы білген. Адамдармен келе жат­қанын ескеруі керек еді. Біз кө­шені жауып тастап, патруль­дік көлікті, қоршауды қой­дық. Ал­маты ауданы әкімді­гі­нің қызмет­керлері оған кері бұрылуды сұраған еді. Бірақ ол тыңдамай әрі қарай жүре берген. Ол айналып өтуі керек еді. Момышұлы көшесіне Тоқ­па­новты айналып өте алар еді. Басқа жүргізушілер айналып өткен. Ал аталмыш автобустың жүргізушісі олай етпеген. Оның ендігі жұ­мыста қалу-қалмауын «Astana LRT» басшылығы шешеді», деді Қ.Айтмұхаметов.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Жобалау кезінде қателікке жол берілген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар