Жаңалықтар
1 мин оқу 420
Құрметті респонденттер!
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 223-III Заңына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын қолданылған КҰЖЖ, СТН және ӘЖК ауыстыратын бірыңғай ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерi ЖСН/БСН қолданысқа енгізіледі.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі сізге тіркелген орныңыз бойынша ЖСН/БСН алу қажеттілігін қаперіңізге салады.
Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кезінде респонденттер статистикалық нысандарда ЖСН/БСН сәйкестендіру нөмірлерін көрсетулері қажет.
Бөлісу: