Әлем
1 мин оқу 366

Этнографиялық қалашық ашылды

<p style="text-align:justify">Кеше түстен кейін Көшпенділер ойынының мәдени бағдарламалары ұйымдастырылған Қыршын жайлауында (Шолпан-Ата қаласынан 50 шақырым)&nbsp; этнографиялық қалашықтың ашылу рәсімі өтіп, оның тұсауын Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков ашып берді.</p>

Этнографиялық қалашық ашылды

Көрермендер «Көшпенділердің алтын дәуірі» деген театрландырылған қойы­лымды тамашалады. Сондай-ақ рәсім қырғыздың байырғы ұлттық ән-күйлерімен қосталды.

Рәсімге Венгриядан келген қадірлі мейман Виктор Орбан қатысып отырды.

Этноқалашықта «Келін алу», «Тұсау кесу» сияқты түркі халықтарының дәс­түр­лі салттық жоралғылары көрсетіліп, қолөнер, қырғыз киіз үйінің көркемделуі, көшпенділердің тамақ-астары, киімдері бойынша сынақтар өткеріледі және шабан­доз­дардың ойындары, т.т. ұлттық іс-шара­лар болмақшы.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

журналист, арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

Қырғыз Республикасы,

Шолпан-Ата қаласы

Бөлісу:
Этнографиялық қалашық ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар